Қосшыдағы «Diamond park» тұрғын үй кешені мердігерлері істі болды – Ақмола облысы

Ақмола облысының Қосшы қаласындағы «Diamond park» тұрғын үй кешеніне бойынша мердігерлердің үстінен қозғалған қылмыстық іс жақында аяқталып, сотқа жолданады, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Қосшы қалалық Полиция бөлімінің бастығы Талғат Сақанов айтты. «Diamond park» тұрғын кешеніне қатысты қылмыстық істі сәуірдің 10-на дейін тергеп, прокуратураға жолдаймыз. «Осы іске қатысты екі мердігер де қазіргі кезде уақытша ұстау орталығына қамалған. Үлескерлердің барлығы қылмыстық іс барысында зардап шегушілер деп көрсетілген», – деп түсіндірді полиция полковнигі Талғат Сақанов.

Айта кетсек, аталмыш «Diamond park» тұрғын үй кешеніндегі 20 үйдің тек 13-і салынған. Бұл ретте алғашқы жеті үй ғана қажетті құжаттармен пайдалануға берілді. Қалған жеті үйдің үлескерлері үш жылдан бері құрылыстың аяқталуын және құрылысты заңдастыруды тағатсыздана күтуде. Бұл ретте қала әкімдігі «Diamond park» тұрғын үй