2022 жылы зейнетақы жинақтарының шектік мөлшері қандай болады

Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдаланып, үй жағдайын реттеу үшін қорға қазақстандықтардан миллионнан аса өтініш түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші сәуірде ең төменгі шектік мөлшер өзгертіліп, көрсеткіш екі есе ұлғаятыны белгілі. Яғни бұған дейін 20 жастағы азаматтың бірыңғай жинақтаушы зейнетақты қорынан артылған ақшасын алу үшін оның шотында бір миллион 700 мың теңге қалуы тиіс еді. Енді бұл сома 3 миллион теңгеден асады. Бұл 40 жастан асқан адамдардың ағымдағы шектің өлшеміне сай. Енді 40-тағы азаматтың шотында 3,5 миллион теңгеден аса қаражат жиналуы тиіс. Бұл қазіргі 60-тан асқандарға тиесілі шартқа сай келеді.

20 жас - 3 140 000 ₸

30 жас - 4 370 000 ₸

40 жас - 5 790 000 ₸

50 жас - 7 430 000 ₸

59+ жас