476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қаңтар оқиғасы: зардап шеккендердің отбасыларына қанша қаржы бөлінді

  • 234
  • UPD: 17:55, 31.03.2022

495 миллион теңге. Қаңтар оқиғасында зардап шеккендердің отбасыларына арнайы қордан осынша қаржы бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазақстан халқына» қоры қаза тапқан күштік құрылым қызметкерлерінің отбасыларына 133 млн, ал ауыр жарақат алғандардың отбасыларына 318 млн теңге қарастырды. Бұған қоса, кездейсоқ құрбан болған азаматтар және жапа шеккен балалар да назардан тыс қалмады. Олардың жанұяларына, сәйкесінше, 35 және 9 млн теңге көлемінде қолдау жасалды. Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады. Қор омыртқа бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға арнайы препаратты сатып алу үшін 3,7 млрд теңге төледі. Науқастар ауруханаға жатқызылды. Бірінші балаға препарат 26 наурызда берілді. Қалғандарын 8 сәуірге дейін енгізу жоспарда тұр.

Хабар 24 телеарнасы