Елімізде 157 елді мекенді су басу қаупі бар

Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің айтуынша, бүгінде халықты қауіпті аймақтан шұғыл көшіретіндей қажеттілік жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақмола облысына қарасты Аршалы, Атбасар, Астрахань және Ерементау аудандарында тасқынға қарсы шаралар қолға алынды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өңірдегі 200-ден астам елді мекенде қауіп сақталады. Ал келер аптада Солтүстік Қазақстан өңірінде ауа температурасы күндіз сынап бағанасынан +16, түнде +6 градусқа жоғарылайды. Күннің күрт жылынуынан қар мен мұз қарқынды ериді деп болжанып отыр. Сондықтан өңірдегі төтенше жағдай қызметі шұғыл әрекет ету режиміне көшкен. Әсіресе, су басу қатері бар саяжайлар маңын бақылау күшейтілді.