Қазақстандық азамат зейнетақы қорындағы 5 теңгесін алуға өтінім беріпті

Ал 161 адам 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сомаға тапсырыс жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәуірде шектік соманың өсетінін ескерген қазақстандықтар осылайша жинақтарын жаппай пайдаланып қалуға тырысып жатыр. Зейнетақы қорындағы ақшасын алуға өтініш бергендер саны наурыз айында рекордтық көрсеткішке жетті.

Бұған дейін ай сайын 100 мыңдай адам өтініш беріп келсе, бұл айда 870 мыңға жетіп отыр. Дәл бүгінгі күні 352 мың тапсырыс берушінің өтінімі мақұлданды. Шоттағы қаражаты жеткіліксіз болғандықтан 146 мың адамның өтініші кері қайтарылды. Тағы 106-сынан қосымша құжаттар талап етілсе, 73 адамның өтінімі тексерілу үстінде. Өз еркімен тапсырыстың күшін жойған клиенттер де бар. Бірқатары қол қоймаған, әлі толықтыруды талап еткен өтінімдер де кездеседі.

Жанар Жолтаева, «Отбасы банк» АҚ баспасөз хатшысы:

- Enpf.otbasy.kz платформасында наурыз айында келіп түскен өтініштер саны көп болды. Тоғыз есе артып кетті келген өтінімдер. Бір адамдар расымен өз қажеттіліктеріне тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсап жатса, өзге бір адамдар болмашы сомаларды сұратып жатыр. Болмаса 6 миллион, миллиардтап сұратқан адамдар да болды. Әлбетте ол өтініштердің барлығын жүйе тіркейді, оның барлығы бойынша тексеру жұмыстары өтеді.