Алматыда «ақбұлақтық атқыш» И.Дужновқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Бүгін қылмыстық оқиғаның куәгерлерінен жауап алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сот талқылауы барысында Дужновтың аңшылық мылтық пен оқ-дәрілерді 2014 жылдан бері заңсыз сақтап келгені анықталды. Полиция тарапынан да мылтық дер кезінде іздестірілмеген. Сол жылы Дужнов іс-түpсіз жоғалып кеткендіктен, оған іздеу жарияланады.

Еске сала кетсек, былтыр қыркүйек айында 55 жастағы алматылық кәсіпкер өз үйінің ауласында сот орындаушысы мен көмекшісін, екі тәртіп сақшысын және үйдің жаңа иесін атып өлтіреді. Олар сот шешімі бойынша Дужновты үйінен шығаруға барған еді.

Рахым Төлеуқұлов, куәгер, қалалық ПД бөлім басшысы:

- 2014 жылы Алатау аудандық полиция басқармасы Дужновты іс-түзсіз жоғалды деп жариялады. Ол табылмағандықтан, оның атына жазылған қару-жарақ тіркеуден алынды. Сол жылы 2 тамызда Әкімшілік полиция басқармасы, қызметтік және азаматтық қару айналымын бақылау бөлімі тарапынан қалалық полиция департаментіне Дужновтың меншігіндегі мылтықты қылмыстық қару деп тіркеу жөнінде хабарлама жіберілді. Алайда ол қылмыстық қару деп танылмағандықтан, осы қылмыс жасалғанға дейін ақпараттық базадан алынып тасталған. Бірақ қаруды іздестірмеген.

Сондай-ақ...