Елдегі 2,1 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды – Е.Қарашөкеев

Үкіметте өткен комиссия отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жерді ұтымды әрі тиімді пайдалану жөнінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

2019-2021 жылдары атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 8,1 млн гектар пайдаланылмайтын немесе мақсатты пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері анықталды. Тиісті шаралардан кейін осы көлемнен 3,4 млн гектар жер телімін бұрынғы меншік иелері игере бастады. 2,1 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бүгінде 2,6 млн гектар жергілікті атқарушы органдардың қарауында. 2021 жылы ауыл халқына мал жаю үшін жайылым жердің қажеттілігі 21 млн га-дан 14 млн га-ға дейін, оның ішінде ұйымдастырылған шаруашылықтармен меморандумдар жасасу және елді мекендердің шекарасын кеңейту есебінен қысқартылды.