Түркістан облысында жалған алкоголь жасағандар анықталды   

Жасырын цехтарда ішімдіктердің басым бөлігі антисанитариялық жағдайда қолдан жасалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Цехтарда 3 мыңнан астам бөтелке, тоннадан артық спирт, белгілі арақ маркаларының этикеткалары табылды. Бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр деп мәлімдейді қаржы мониторингі агенттігі.