470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Депутаттар облыс құру туралы бастаманы қолдады – Алматы облысы

  • 169
  • UPD: 17:07, 01.04.2022
Депутаттар облыс құру туралы бастаманы қолдады – Алматы облысы

Алматы облысының депутаттары Президенттің Жетісу облысын құру туралы бастамасына қатысты оң пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін қапшағайлық депутаттар қалаға Қонаев атауын беру туралы шешім қабылдаған еді. Қазір онда қолданыстағы штат санын қайта бөлу және мемлекеттік органдар орналасатын ғимараттарды айқындау жұмыстары басталды. Ұлттық экономика министрлігіне Жетісу облысының жаңадан құрылуына байланысты қосымша 448 бірлік штат ашу туралы ұсыныс жіберілген. Жетісу облысының әкімшілігі Талдықорған қаласында қалатындықтан, қосымша шығыстардың дені Қапшағайға қатысты болады. Шығын көлемі есептелгеннен кейін бюджеттік өтінім беріледі.

Қанат Бозымбаев, Алматы облысының әкімі:

– Алматы облысын бөлу жөніндегі міндеттің орындалуы екі өңір экономикасының дамуына теріс әсер етпейді. Керісінше, 2025 жылға дейін бекітілген жоспарлы көрсеткіштерді елеулі ұлғайту үшін қосымша жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Хабар 24 телеарнасы