Су тасқыны қаупі. LIVE

Батыс Қазақстан облысында  99 үйді су басты. Бұған дейін 172 үй су астында қалғаны туралы ақпарат берілген болатын, бірақ комиссиялық тексерулерден кейін сандар өзгеріп, нақтыланды.

Сондай-ақ Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде су тасқыны болды. Өңірлердегі ахуал қалай? Су басу қаупі қай өңірде жоғары? Халыққа қандай көмек беріліп жатыр? Төтенше жағдайлар министрлігінің жанынан құрылған су тасқынын жою орталығынан хабар.

Мирлан Алтынбек, тілші