Ақтауға ауыз су берілді

Ақтауға ауыз су берілді

Ақтауға ауыз су берілді. Кеше энергетикалық комбинат қала халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз ету уақытша тоқтатылатынын ғаламторда хабарлаған еді.

Түстен кейін тыйылған су тек бүгін таңертең барлық шағын ауданға берілді. Көп кешікпей әлеуметтік желілерде 3 сәуірде комбинаттағы су тұшыту қондырғыларының аяқ астынан істен шыққаны туралы жазба пайда болды. Қазір қала әкімі орынбасарының жетекшілігімен комиссия құрылып, мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.