«Төтеншеліктер» Жоңғар Алатауын әуеден бір шолып шықты

Алматы облыстық төтенше жағдайлар қызметі Жоңғар Алатауындағы мұзды көлдерге аэрошолу жасап, Кербұлақ және Көксу ауданы аумағындағы тау шатқалдарында 7 қар көшкіні болғанын анықтады.

Мамандардың айтуынша, су ағыны қазіргі кезде транзиттік режимде өз қалпымен өтіп жатыр. Күннің күрт жылынуына байланысты «Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері мен құтқарушылар тау шатқалдарын апта сайын бақылап, тексеруді жоспарлап отыр. Сәуірдегі ауа температурасы + 5...+ 13 градус аралығындағы жылылықты көрсетеді деп болжанған. Таудағы қардың қалыңдығы жылдағыдан біршама төмен.

Айдос Сабырбаев, "Қазселденқорғау" ММ филиал басшысының орынбасары:

- Қар жамылғылары 2,5 мың биіктікте 40 сантиметр, 3 мың метрде 1,5 метрге шейін жетеді. Су өтімдері жылдағы нормаға сәйкес. Бүгінгі таңда гидрологиялық жағдай қалыпты. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша сәуір айында шамамен таулы аймақтарда жылдағы нормаға сәйкес жауын-шашын күтілуде.