Сақтандырылмаған малға өтемақы төленбейді – Е.Қарашөкеев

Егер сақтандырылмаған болса, су тасқынынан қырылған малға өтемақы төленбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев журналистерге берген сұхбатында осылай деді.

Ербол Қарашөкеев ҚР ауыл шаруашылығы министрі:

Су тасқынынан болған мал шығыны сақтандырылмаған жағдайда біздің заңнамалық негіздерде шығын төлеу деген жоқ. Сондықтан сақтандырылмаған малдың шығынын төлемейміз.