Шортанды ауданында үшем дүниеге келді – Ақмола облысы

Шортанды ауданының Октябрьское ауылында тұратын 33 жастағы Аида Караян үшем дүниеге әкелді.

Жас босанған әйел мен балалары бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала орталығынан үйіне шықты. «Жаңа туған нәрестелердің есімін ата-анасы Амина, Мәдина және Рамина деп қойды. Николай мен Аиданың бұдан басқа үш жасар Дмитрий есімді ұлы бар», – дейді Шортанды ауданы әкімдігінен.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жүктілігі қалыпты болған, балалар жүктіліктің 32-аптасында 2195,1951 және 1798 грамм салмақпен дүниеге келген. «Бұл - Шортанды ауданында үшем дүниеге келіп отырған екінші жағдай. 2021 жылдың тамызында Степное ауылының тұрғыны да үшем туған болатын», – деп толықтырды аудан әкімдігінен.