Қазақстан армиясын тексеру қысқы оқу кезеңі аяқталғанша жүргізіледі

Қазақстан Қарулы күштерінде бақылау-тексеру басталды. Әскерлерді тексеру қысқы оқу кезеңі аяқталғанша жүргізіледі.

Биыл бұл шара жаңа пішінде өтіп жатыр. Бас штабтың жоспарына сәйкес, құрамалар мен әскери бөлімдер оқу дабылымен көтерілді. Бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын полигондарға теміржол және жауынгерлік техникамен жетеді. Полигонда түнде де оқу-жаттығулар мен атыстар өтеді. Сондай-ақ бөлімдердің белгіленген мерзімде тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеті, әскери қызметшілерді оқыту, сондай-ақ командирлердің бөлімшелерді басқара білу қабілеті сыналады. Қарулы күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, әскери басқару органдары тексеріледі.