Ақбұлақта оқ атқан қылмыскердің қызы куәгер ретінде жауап берді

Ақбұлақтағы атышулы атыс бойынша өткен сот отырысында Игорь Дужновтың қызынан қылмыстың куәгері ретінде жауап алынды.

Карина Дужнова оқиға болған кезде үйдің ішінде отырғанын және сырттан тек бір рет «тарс» еткен дыбысты естігенін айтты.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 20 қыркүйегінде 55 жастағы алматылық кәсіпкер Игорь Дужнов аңшылық мылтықпен 5 адамды атып өлтірген. Қайғылы жағдай Дужнов пен оның отбасын сот шешімімен үйінен шығаруға әрекеттенген кезде орын алған. Күдіктінің қолынан сот орындаушысы, оның көмекшісі, екі полицей және тұрғын үйдің жаңа иесі қаза тапты. Онлайн режимде өткен кезекті сот отырысында қылмыстың куәгерлері, сонымен қатар зардап шегушілерден жауап алынды. Ал сотталушы Дужновтың әйелі Анаид Демирчан өзіне және жақындарына қарсы куәлік бермеу туралы конституциялық құқығын алға тартып, жауап беруден бас тартты.