Атамекенге қоныс аударған қандастар туралы мәлімет

1 сәуірдегі жағдай бойынша 3078 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі, яғни 66,3% Өзбекстаннан, 11,3% – Қытайдан, 10,9% – Түрікменстаннан, 2,2% – Моңғолиядан және 9,3% басқа елдерден. Олар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларына қоныстанды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 90 мың этникалық қазақ оралды.

АТАМЕКЕНГЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚТАР

1 сәуір, 2022 жыл

Қандас мәртебесін алды - 3 078

Өзбекстан - 66,3%

Қытай - 11,3%

Түрікменстан - 10,9%

Моңғолия - 2,2%

Басқа елдер - 9,3%

 

ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОНЫСТАНУЫ

Алматы обл.

Маңғыстау обл.

Түркістан обл.

Жамбыл обл.

Алматы қ.

Нұр-Сұлтан қ.

Шымкент қ.

1991 жылдан бері - 1 млн 90,1 мың