Бірқатар облыстағы тас жолдарды су шайып кетті

Қарағанды – Аягөз - Бұғаз республикалық тас жолының Ботақара - Ынталы учаскесін су шайып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан жолдың бұл бөліктерінде көлік қозғалысы тоқтады. Сондай-ақ «ҚазАвтожол» компаниясының хабарлауынша, Қызылорда - Павлодар тас жолының Южный мен Құлайғыр учаскесінде де жол жабық. Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін Қазақстанның батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жаууы мүмкін. Елдің басым бөлігінде жел тұрып, солтүстік пен батысына тұман түседі. Ал оңтүстік-батыс өңірінде шаңды дауыл тұрады.