Елімізде алдағы үш күнде қар жауады

Қазақстан бойынша 2022 жылдың 7-9 сәуіріне арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Алдағы үш тәулікте, атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, оңтүстікте ­– найзағай мен жаңбыр, оңтүстікте, елдің орталығы мен шығысында – жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады. Республиканың солтүстік жартысына Батыс антициклоны әсер етеді, онымен кезең соңында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжануда.