Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Биыл елде зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер тағы 4%-ке индекстеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Оның айтуынша, былтырғымен салыстырғанда зейнетақы 11%-ке, ал жәрдемақы көлемі 9%-ке көтеріледі. Инфляцияның 8-ден 10%-ке дейін өсуіне байланысты Үкімет осындай шешім қабылдады. Оны жүзеге асыру үшін бюджеттен 111 млрд теңге бөлінеді. Барлығы 4 млн 200 мың отандасымыздың зейнетақысы мен жәрдемақысы ұлғайтылмақ.

Сондай-ақ...