Жеке сот орындаушылары туралы заң жобасы мақұлданды

Жеке сот орындаушылары істі жүргізу кезінде бұған дейін әріптестері қабылдаған шешімдердің күшін жоя алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Мәжілісте  депутаттар осы саланы реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл құжатқа сәйкес енді жеке сот орындаушылары борышкерлерді себепсіз мазалап, шақыра алмайды. Сондай-ақ олар іс қозғағанда қаулының көшірмелерін  жіберуге міндеттеледі.

Айта кетерлігі, былтыр бүкіл ел бойынша жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты 13 мыңнан астам шағым түскен. Солардың негізінде 17 маман жұмыстан шығарылса, тағы 50-інің лицензиясы тоқтатылды. Арасында азаматтардың электронды цифрлық қолтаңба сертификатын коллекторларға бергендер де болған.