7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күн денсаулықтың маңыздылығы мен ауруды дер кезінде алдын алу қажеттігін еске салады.

Жүрек-қан тамыр, респираторлық аурулар мен қант диабеті әлемдегі барлық өлім-жітімнің 71%-ін құрайды. Мамандар бұл аурулардың алдын алу көп жағдайда адамның өзіне байланысты дейді. Әр адам салауатты өмір салты, спорт, дұрыс тамақтану қағидаларын берік ұстанғаны абзал. Сондай-ақ дәрігерге уақытында қаралу, үнемі медициналық тексерістен өту және дәрігер кеңесіне құлақ асқан орынды.