ДДСҰ: Қазақстан суицид жөнінен әлемде 20-орында тұр

ДДСҰ статистикасына сәйкес, Қазақстан суицид саны бойынша 20-орында тұр, ал 10-19 жастағы жасөспірімдер арасындағы өлім-жітімнен 10-орында.

Былтыр елімізде суицидтің 3922 жағдайы тіркелген.

Елордада «БАҚ-тың суицидті жауапты жариялауы» атты панельдік сессия өтті. Мамандар өз-өзіне қол салуды кеңінен жариялау қосымша суицидтік мінез-құлық қалыптастыратынын айтады. Ақпарат кеңінен таралуы және құрбан болғандардың туыстарынан сұхбат алу, суицидтердің егжей-тегжейлі сипатталуы оны қарапайым құбылыс ретінде қабылдауға итермелейді. Сондықтан журналистердің, блогерлердің, пікір көшбасшыларының ролі өте жоғары. Мұндай оқиғаларды жариялауда үлкен жауапкершілік таныту керек, деді жиналғандар.