Қостанай облысында жұмыртқа өндірісі тұралай бастады

Кейінгі екі жылда елде төрт құс фабрикасы банкротқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізгі себеп жем қымбаттап, Ресейге жұмыртқа экспорты тоқтап қалған. Қалған құс фабрикалары қазір қалт-құлт тірлік кешіп жатыр. Салаға бөлініп келген субсидияның қысқаруы да жығылғанға жұдырық болды. Екі жыл бұрынғы  құс тұмауынан енді ес жия бастаған Арқалық құс фабрикасы тағы тығырыққа тіреліп отыр. Жем бағасы 50 процентке дейін қымбаттаған. Ресейден жеткізілетін тұрлі қоспа азықтардың да құны шарықтап кетті. Қазір мұнда күніне 470 мың жұмыртқа шығарылады. Оны өткізу нарығы да тарылып барады, – дейді фабрика басшысы.

Жәмила Исмайлова, Арқалық құс фабрикасының бас директоры:

– Біз экспортқа сатып жүргенбіз Ресей, Ауғаныстан. Ол да қазір тоқтап тұр. Субсидия берілмесе, онда жұмысшылардың санын қысқартуға тура келеді, тауықтардың да санын азайтуға тура келеді.

Отандық құс фабрикалары елімізді  жұмыртқанмен толық қамтамасыз етеді.Артылғанын сыртқа сатып келді. Тек соңғы бір-екі жылда тіпті ішкі нарықта оларды ресейлік өндірушілер ығыстыра бастады. Оған себеп әділетсіз бәсекелестік – дейді мамандар. Көрші ел былтыр үй тауықтарынан ауру шықты деген сылтаумен,біздің жұмыртқаны өздеріне өткізбей қойды. Солай болғанның өзінде Еуразиялық экономикалық одақ келісіміне сай ондай шектеу әрі кеткенде үш айға созылуы тиіс еді.  Ал олар  әлі күнге біздің өнімге шекарасын ашқысы жоқ.   

Максим Божко, Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының  президенті:

Мәселе мынада, ресейліктер  жаз мезігілі жұмыртқаға сұраныс азайғанда өзіндік құнынан төмен бағамен Қазақстанға әкеліп өткізеді және көбіне жасырын жолдармен жеткізеді. Яғни салық төлемейді, сапасы да күмәнді. Ал біздің өнімге көрші елге жол жабық. Осы жағдайды ауылшаруашылық министрлігіне, ветеринарлық бақылау комитетіне қанша айттық, бірақ әзірге еш нәтиже жоқ.

Максим Божконың айтуынша, Ресей, Белоруссияда ауылшараушылығы тауарын өндірушілерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау бізден 2-3 есе көп. Сол себепті олар күш алып барады дейді. Ал қазақстандық жұмыртқа өндірушілер керісіншн осы жыл басында субсидиядан қағылды. Бірақ жақында демеу қаржыны қайтаруға тиісті деп отыр. Одан бөлек еліміздің төрт облысына салынған  Ресейге экспорттық шектеуді алып тастайтын болды. 

Ербол Қарашөкеев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:

–  Жұмыс жүргізіліп жатыр. Таяуда бір облыс экспорт тыйымынан босатылды. Қалған өңірлерді де қарастырып жатырмыз. Жақын арада оларға салынған шектеуді де алып тастаймыз деген сенім бар.

Мағауия Қалиев, тілші:

– Осы брифинг барысында ауылшаруашылық министрлігінің өкілдері тіпті экспорттық шектеу нақты қай күні алынатындығын жария етті. Алдағы дүйсенбі, сәуірдің 11-нен үш облыс карантиндік тыйымдардан босатылады -деді. Яғни көрші елге экспортқа жол ашылады. Ал жем азығына қатысты, азық-түлік корпорациясымен жасалған меморандумға сәйкес, тікелей құс фабрикаларына жемнің тоннасы 115-117 тенгеден  берілетін болды.Мұндай қолдау отандық өндіріс орындарына дем берері хақ. 

Авторлары: Мағауия Қалиев, Әлия Қожағалиева, Сәбина Балашкина, Сергей Трахтенберг