Атырауда шекарашылар балық қорын қорғайды

«Жайық-Каспий» бассейнінде дәстүрлі балық қорғау шарасы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі айлық акция барысында құқық қорғау органдары шекара қызметімен бірлесіп Қиғаш, Жайық өзендері мен Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі балық қорын браконьерлерден қорғайды. Ерекше маңызға ие акцияға әскерилер араласқалы шетел асып келетін браконьерлер аяғын тарта бастапты. Шекарашылар шараның алғашқы 3 күнінде 110 келі бағалы бекіре балығын құтқарып қалды.

Арыстанбек Кенже, тілші:

– Бүгінде Жайық-Каспий бассейнінде балық қорғау акциясы басталды. Оның алғашқы 3 күнінде шекарашылардың көмегімен 110 келі  бекіре тұқымдас балық лаынған екен. Ол балықтар тірі, толықтай өздерінің мекенітеңізге қайтарылған. 

Жайық өзенінің Каспийге құяр сағасында арнайы бақылау бекеті орналасқан. Осы арадан қозғалған күзетші катерлер күндіз-түні айдын бетінің тыныштығын бақылайды. Әдетте көктем маусымы теңіз балықтарының өзендерге өрістеп, уылдырық шашатын шағы. Бұл бағалы бекіре балығына да қатысты. Бұрын браконьерлер оңай олжаны қарпып қалуға жанталасатын. Әсіресе Қап тауынан ағылатындар инспекторларға қарулы қарсылық көретуге дейін баратын. Қазір ондай бейбастыққа жол берілмейді.

Ерболат Қалышев, ҰҚК ШҚ жағалау күзеті атырау дивизионының командирі:

– Оның себебі біріншіден, заң түрінде жауапкершіліктің күшейтілуі және келіп жатқан шекара катерлері техникалық өте заманауи жылдамдығы да қатты. Қажет болса, тікұшақты да пайдаланамыз.

Шекара күзететінде 20 катер мен 60-тан астам адам қызмет етеді. Олар Жайық, Қиғаш өзендері мен Каспий теңізінің қазақстандық акваториясын бақылайды Биыл шекара күзеті қосымша екі катермен толықтырылыпты. Оралдық кеме құрастырушылардың көлігіне шекарашылар дән риза

Еркін Қанатов, шекаралық катердің капитаны:

– Ескі катерлерде температура ауаның қысымы су температурасын және желдің бағыттарын көрсетпейтін. Қазір мында бәрі көрестілген. Жаңа новигациялық құралдармен жабдықталған. Сосын жылдамдық жағынан сағатына 80 кмге дейін жүре алады, тағы бір тиімділігі біздің тілде осадка дейді суда 70-80 см таяздыққа бара аламыз.  

Былтыр Атырау облысында шекарашылардың көмегімен 26 тонна балық заңсыз айналымнан шығарылса, оның 700 келісі бағалы бекіре тұқымдастар. Браконьерлерден қолдануға мүлде тыйым салынған 200 ден астам синтеикалық ау-құралдары алынды. 130 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылыпты. «Бекіре» шарасы биыл да сол деңгейде өтетін болады.

Авторлар: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев