Жыл басынан бері 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

1 сәуірдегі жағдай бойынша 230 кәсіпорынның 4,4 мың жұмыскерге 866,4 млн-нан астам теңге берешек екені анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Міндетін орындамаған кәсіпорын басшыларына 134 нұсқама беріліп, 27 млн-нан астам теңгеге айыппұл салынған. Соның нәтижесінде 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, 752,7 млн теңге төленді.