ШҚО-да әлеуметтік бағдарламамен берілген баспана апатты жағдайда

Риддер қаласында пәтер кезегінде тұрғандарға коммуникациясы ескіріп, қабырғалары күйреген баспаналар бұйырыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрынғы колледждің жатақханасына балалар үйінің түлектері қоныстанған еді. Далаға  шығудың өзі қауіп төндіреді. Әлеуметтік тұрғын үйлерді жалға алған Риддер қаласының тұрғындары үйлерінің қас беттері желге ұшып жатқанын айтып шағымданды. Пәтер кезегінде тұрғандарға бұрынғы жатақханадан баспана беріліпті. Ғимаратқа жүргізілген жөндеулердің сапасы сын көтермейді. Коммуналдық қызметтің де үй шатырын тазалауға батылы бармапты. Өйткені үйді қаптаған плиталар кез келген сәтте опырылып түсуі мүмкін.

Үйдің конструкциялары да босап кеткен. Тұрғын үй кондоминиумы оны тұрғындардың есебінен қалпына келтіруге болар еді дейді. Бірақ мұндағы пәтерлердің көбі жалға берілген. Оның үстіне тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне қарайды. 

Мария Белягеева, Риддер қаласының тұрғыны:

– Мен шырылдап жүрмін. Егер маған жекешелендіруге рұқсат берсе, әрине, өз күшіммен әрекет жасар едім. Бірақ мемлекеттің балансында тұрған үйге не үшін шығындамын?

Үйге қараушы Анастасия Палийчук жауапты мекеме басшыларына 5 жыл бойы хат жазып келемін дейді. Қағаз жүзіндегі шағымына бір де бір рет мардымды жауап алмапты.

Анастасия Палийчук, Риддер қаласының тұрғыны:

– Біз тұрғын үй коммуналды шаруашылығына, әкімдікке арыздандық. Бірақ ешкім ешқандай шешім қабылдамайды. Жағдай осы үйге кірген күннен бері жалғасып келді. Өтінішімізді қабылдап алады, сонымен бітті.

Риддердің әкімі бұл мәселеден хабардар және журналистермен сұхбаттасудан  қашпайды. Қала басшылығы шұғыл түрде жөндеу керек екенін бұрыннан біледі. Алайда бар мәселе жобаның қаржыландырылуында жатқан көрінеді. Шенеуніктердің  сөзіне сенсек, жақын болашақта тұрғын үйді қалпына келтуріге қажет соманы  бюджеттік комиссия қарайтын болады.

Мұрат Байжұменов, Риддер қаласы әкімінің орынбасары:

– Біз қазір жұмыс тобын жинап жатырмыз. Техникалық шешім қабылданатын болады. Үйдің қасбетін толық алып тастаймыз ба әлде қайта жөндейміз бе сол жағын талқылаймыз. Қазір бұл жұмыстарға сарапшыларды тартамыз. Олар өздерінің сараптамалық шешімін шығарады.

Үстіміздегі жылы халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына  жатқызылған, аз қамтылған  және көпбалалы отбастарының өкілдеріне жалпы саны 2632 пәтер берілуі тиіс. Көпшілікті құрғақ сандар емес, әлеуметтік бағдарламалар бойынша берілетін  баспаналардың сапасы көбірек алаңдатады.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Вячеслав Ветлугин и Дмитрий Пыхтин