Оралда М.Мәметова атындағы халықаралық әуежай іске қосылды

Жаңа заманауи жүйе енгізілген әуежайдың аумағы толығымен абаттандырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолаушылардың демалысы мен тынығуы үшін саябақ салынды. Халықаралық әуежай терминалын жергілікті құрылыс компанияларын салған. Терминал аумағы 10 000 шаршы метр. Тұрақ орындарының саны 120. Әуежайдың салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, «КПО б.в.» компаниясының бас директоры Джанкарло Рую, мердігер компаниялар, құрылысшылар және өңір тұрғындары қатысты. Заманауи әуежай терминалының іске қосылуы облыс тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін елеулі оқиға. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында халықаралық әуежайға қазақтың қаһарман қызының есімі берілді.

Ғали Есқалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

– Керемет ғимаратты біз облысымызға сыйлап отырыз. Қолдау көрсеткен «КПО» б.в.  компаниясына алғыс білдіремін. Бас директоры Джанкарло Рую өзі құрылысшы болған соң құрылыс кезінде келіп, аралап өз кеңестерін беріп жүрген азамат.

Джанкарло Рую, «КПО б.в.» компаниясының бас директоры:

– «КПО б.в.» компаниясы үшін бұл кезекті бір әлеуметтік нысан құрылысының аяқталуы ғана емес. Бүгін біз Батыс Қазақстан облысының жаңа әуе қақпасының ашылуына куә болып тұрмыз. Біз өзімізді жергілікті қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде сезінеміз. 

Жаңадан салынған әуе айлағы өңірде туризмнің дамуына, жолаушылар ағынын ұлғайтуға, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға және әуе көліктері арқылы жүк айналымын арттыруға серпін бермек. 

Андрей Кабанов, жоба жетекшісі:

Тіркеу бағанында жолаушы тіркеу үдерісін өзі атқара алады. Әр бағанда барлық әуе компанияларына тең мүмкіндік қарастырылған. Мысалы, мына бағандарда кез-келген әуе компания үшін жолаушыларды тіркеуге жағдай бар. Мұндай қызмет әзірге еліміздің бірде бір әуежайында көрсетілмейді. 

Әуежайдың аумағы толығымен абаттандырылған. Жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында айналаға тал-терек отырғызылып, саябақ ашылды. Халықаралық әуежай терминалы толықтай жергілікті құрылыс компанияларының күшімен салынды. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов, Елдар Аюпов

Сондай-ақ...