Атыраудағы бәсекеге қабілетті кәсіпорын – білікті мамандар мектебі

Атырауда «Атырау мұнай және газ» XIX Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнай-газ саласындағы кәсіби мамандар жиылған іс-шарада алпауыт компаниялардың болашақ жоспарлары да талқыланды. Көрмеге Қазақстан мен шет елдерден 60-тан астам компания қатысқан. Олардың арасында «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Инженерлік-техникалық орталығы» да бар. Инженерлік-техникалық орталық 1996 жылы құрылған. Қазір бұл орталық жоғары білікті мамандар қызмет атқаратын, сондай-ақ, инновациялық жабдығы бар бірегей мамандандырылған сараптама ұйымына айналды. Сонымен қатар мұнай-газ кешені үшін барлық диагностикалық қызметтерді көрсете алады.

Бауыржан Садықов, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Инженерлік-Техникалық Орталығы» бөлімінің инженері:

Инженерлік-техникалық орталық – бұл шын мәнінде жоғары білікті мамандар штаты және ҚР мұнай-газ кешені үшін диагностикалық қызметтердің толық спектрін орындайтын заманауи инновациялық жабдығы бар бірегей кәсіпорын. Біздің мамандар Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Еуропаның үздік оқу орталықтарында оқытудан және аттестациядан өткен.

Орталықтағы озық жабдықтар жұмысты қолайлы әрі көп шығынсыз атқаруға мүмкіндік береді. Қауіпті аумақта орнатылған жабдықтарды техникалық бақылау үшін де Инженерлік-техникалық орталық барлық қажетті рұқсатты алған. Сонымен қатар, сапаны бақылау, коррозиядан электрхимиялық қорғау жұмыстары бойынша жылжымалы зертханалар базасы жасақталған.

Александр Самарцев, «Интергаз Орталық Азия»АҚ «Инженерлік-Техникалық Орталығы» бөлімінің инженері:

«Инженерлік-техникалық орталық» заманауи жоғары технологиялық-инновациялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда негізі жұмыстарға ең үздік еуропалық құралдар қолданылады. Негізгі бағыт бойынша орталық магистральды газ құбырларын, сондай-ақ, компрессорлық станцияларды техникалық диагностикалау жұмыстарын жүргізеді.

Инженерлік-техникалық орталық жаңа технологияларды қолданып, қауіпсіздік пен үнемдеуді қамтамасыз ететін заманауи құрылғыларды енгізуді қолға алған. 

Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов