Павлодар қаласы Мюнхеннен кем түспейтіндей болып жаңарады

Павлодар қаласы болашақта Ливерпуль, Бирмингем, Мюнхен қалаларынан кем түспейтіндей жаңғырады.

«Берекелі бастама» жобасын таныстыру кезінде Кью 88 урбанистер қауымдастығы осылай деді. Халық саны мен аумағы бірдей әрі өндірістік аймағы бар Еуропа қалалары урбанистика мәселесін өткен ғасырда көтерген. Шаһарды көркейтуде халықтың талап-ұсынысын ескеру маңызды. Абаттандыру бойынша 8 маусымға дейін жергілікті тұрғындардың ұсынысы қабылданады. Республикалық бағдарламаға іліккен Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Сәтпаев қалалары кезегін күтеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі іріктеу кезеңінен өткен жобалар іске асатынын айтады. Бірақ жүзеге асырудың нақты мерзімі белгісіз.

Еркебұлан Дауылбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

- Бұл бірінші кезекте қаржыны қажет ететін мәселе. Сол себепті қаржының мүмкіндігіне қарай, оның үстіне қазір біз әрбір қала бойынша осы тұрғындардың ұсыныстарын қарап, толық біткеннен кейін талқылап, соған байланысты біз жұмыс жоспарын құрамыз. Бір шетінен осы қауымдастық болса, бір шетінен біздің министрлік, бір шетінен жергілікті атқарушы орган. Енді біздікі ұсыныс беру – оны атқаратын шын мәнінде жергілікті атқарушы орган. Сол кезде әрбір жоба бойынша өзінің мерзімінің ішінде іс-шарасы бекітілітені болады.