478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО тауларында қардың ылғалдануы 70%-ке жетті

  • 175
  • UPD: 21:07, 08.04.2022

Елдің шығысындағы Риддер қаласында су тасқынына қарсы жұмыстар қыза түсті.

Қазір таулы елдімекендерде қардың ылғалдылығы 70%-ке жеткен. Қала маңынан 70 мың текше метрден астам қар сыртқа шығарылды. Арықтарды тазалауға коммуналдық мекемелерде резервте тұрған арнайы техникалар да тартыла бастады. Мамандар жалпы ұзындығы 7 шақырым болатын 6 арнаны ерітіп, су өткізетін құбырларды тазалады. Дәл осындай жұмыстар Алтай таулы ауданында да қолға алынды. Онда су басуы мүмкін деген 12 қауіпті учаске анықталған. Алтайдағы Төтенше жағдайлар қызметіне әскерилер де қол ұшын созды. 

Евгений Тарасов, Риддер қалалық ТЖБ басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың күшімен 74 мың текше метр қар сыртқа шығарылды, Мұнымен қоса шамамен 12 шақырым болатын арық жүйесі тазартылды.

Хабар 24 телеарнасы