Елдегі 18 министрліктің ішінде Ұлттық экономика министрлігі азаматтардың өтініштеріне жауап беру бойынша көш басында. 4 сәуірдегі жағдай бойынша ведомство өтініштердің 99,9%-не, яғни 18 мың 900-ден астам сауалға жауап берген.
Азаматтардың жауапқа қанағаттануы бойынша рейтингке келсек, алғашқы сапта Сыртқы істер министрлігі, кейін Төтенше жағдайлар бойынша министрлік пен Білім және ғылым министрлігі тұр. Ал жауаптары ең мардымсызы Денсаулық сақтау министрлігі. Мұнда сауалнама қатысушыларының 40,7% өтініш жауабына қанағаттанбаған.
Үкіметі ашық елдердің рейтингісінде Қазақстан былтыр әлемдегі 139 елдің ішінде 84-орынға ие болған. Мұнда ақпаратқа қолжетімділік, Үкіметтің берген мәліметі, заңдарды жариялау және тағы да басқа көрсеткіштер ескерілді. Норвегия, Дания және Финляндия үкіметтері азаматтар мен бизнес үшін әлемдегі ең ашық үкімет болса, Мысыр 139-орынға орналасып, ең жабық Үкімет деп танылды.
ӨТІНІШТЕРГЕ ЖАУАП БЕРУ БОЙЫНША РЕЙТИНГ
Министрлік барлығы жауап қайтарылды жауап қайтару бойынша үлесі
- ҚР Ұлттық экономика министрлігі 18937 18920 99,9%
- ҚР Ішкі Істер министрлігі 65702 65531 99,7%
- ҚР Энергетика министрлігі 7668 7639 99,6%
- ҚР Білім және ғылым министрлігі 41961 34367 81,9%
ЖАУАПҚА ҚАНАҒАТТАНУЫ БОЙЫНША РЕЙТИНГ
Министрлік барлығы қанағаттанбады қанағаттанғандардың үлесі
- ҚР Сыртқы істер министрлігі 147 43 70,7%
- ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 169 50 70,4%
- ҚР Білім және ғылым министрлігі 2115 636 69,9 %
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 1630 663 59,3%
АШЫҚ ҮКІМЕТ БОЙЫНША РЕЙТИНГ
- Норвегия
- Дания
- Финляндия
- Қазақстан
- Египет