Өткен тәулікте 16 адам коронавирус пневмониясын жұқтырған

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны 16 жұқтырғаны анықталды.

Сондай-ақ аталмыш дерттен 15 адам емделіп шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына жарияланды. Комиссия мәліметтеріне қарағанда, 2020 жылдың 13 наурызынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 88765 адамға жетіп, 5353 адам қайтыс болғаны анықталды. Ал жазылып шыққандар саны 82399-ға жетті.