Алматыда сенбілік басталды

Алматыда сенбілік басталды

Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған шараға 2 мыңнан аса коммуналдық қызметкер мен 400-ден аса техника жұмылдырылған. Бүгін негізінен қаладағы саябақтарды, скверлерді, аулаларды, сондай-ақ сауда объектілерін, қоғамдық тамақтану орындарын және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтар тазартылды. Жарты күндік сенбілік соңында жаппай ағаш отырғызу да жоспарланған.