Бақытжан Ысқақовқа мемориалды тақта орнатылды – Алматы

Еліміздің еңбек сіңірген әртісі Бақытжан ЬІсқақов саналы ғұмырын мәдениет саласына арнаған жан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылдар бойы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының белді әншісі болды. Осы театр сахнасында жүріп Бақытжан Ысқақов барлық опера спектакльінде басты рөлді сомдады. Гастрольмен шетелдерді аралап, қазақтың опера өнерін әлемге танытты. Ал 1997 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі» атанды. Бақытжан Ысқақов әншілік қызметімен қатар, Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінде ұстаздық етті. Бақытжан Ысқақов биыл 70 жасқа келер еді.