ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы тағайындалды

ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы тағайындалды

ҚР Қорғаныс министрлігінде тағайындаулар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен:

генерал-майор Алмаз Шұғайұлы Ахмадиев Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Тыл бастығы лауазымына тағайындалды; 

полковник Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Қару-жарағының бастығы лауазымына тағайындалды.