Жамбыл облысында жоғалған қару-жарақ табылды

Жамбылдық полицейлер ұрланған 6 қару, гранаталар және 200-ден астам патрон тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қару-жарақтың ішінде граната атқыш, Макаров тапаншасы, газ және жарық-шу гранаталары, тапаншаның  5 оқ жатары және әртүрлі калибрлі 216 патрон болды. Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.

Сондай-ақ...