Алматыдағы Президент резиденциясы қашан сүріледі

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген президент резиденциясын бұзуға жарылғыш заттар қолданылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғимаратты сүру жұмысы экологиялық заңнаманың талаптарына сай іске асырылады. Ал бұл мақсатқа шынында да 6 миллиард теңге жұмсала ма? Қаңтар оқиғасы кезінде өртенген Президент резиденциясының ішінде ыстың иісі әлі де кетпеген. Темір бағаналар балқып, бетон қабырғалардың беріктігі құртылған. 19 мыңнан астам шаршы метрді алып жатқан алып ғимаратты бұзудың өзі техникалық тұрғыдан өте күрделі жұмыс. Сондықтан сүруге 3 млрд теңге қажет. Тағы 3 млрд теңге аумақты қалпына келтіруге және  инженерлік корпусты қайта құрылымдауға  жұмсалады. «Олар кейін қаланың балансына өтеді», – дейді мамандар.   

Ерлан Семебайұлы, Президент резиденциясы техникалық қолдау басқармасының бастығы:

Үш миллиардты инженерлік корпусымыз. Капитальный ремонт істеу үшін осыған бөлінген. Инженерлік корпустың ішіндегі сақталып қалған дегениратор, трансформатор, источник безперебойного питания. Оны өңдеп өзіміздің организацияларға береміз.

Ғимарат құрылымында алты мың шаршы метр темірбетон бар. Оны бір-бірінен ажыратып, бөлшектеуге гидравликалық балғасы бар арнайы техника қолданылады. Осы уақытқа дейін резиденцияда тек тазалау жұмысы ғана атқарылыпты. Ал қашан бұзыла бастайтыны әзірге белгісіз. 

Ерлан Семебайұлы, Президент резиденциясы техникалық қолдау басқармасының бастығы:

– Қазір біз проектіні күтіп отырмыз. Қалай проект болады, бізге рұқсат береді сол кезде «Интегро» компаниясы бұзады деген ойдамыз.

Өрттен бірен-саран дүние аман қалыпты. Сондай 46 атаулы құрал-жабдық резиденциядан шығарылады. Сақтаулы тұрған тоңазытқыш техникалары мен дизель-генераторлардың жалпы сомасы 600 млн теңге болады. Бұл құрал-жабдықтар Президент іс басқармасының басқа да нысандарына беріледі. Тағы 150 млн теңге металды қайта өңдеуден түседі. Жалпы ғимаратты бұзуға кеткен шығынның 750 млн теңгесі бюджетке қайтарылады. Ал резиденция сүрілген соң орнына саябақ салу жоспарланған.

Авторлары: А. Садуақас,  Н. Жақсыбаев

Сондай-ақ...