М.Әшімбаев жас сарапшылар клубының отырысына қатысты

М.Әшімбаев жас сарапшылар клубының отырысына қатысты

Елде қолжетімді банк несиесінің болмауы бизнесті дамытуға кедергі болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңдеу өнеркәсібінің дамуын да тежеп тұрған осы мәселе. Жас сарапшылар клубының отырысына қатысқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Оның айтуынша, «Бәйтерек» холдингі құрамындағы даму институттары осы міндеттерді шешуі тиіс. Сенат төрағасы Холдингтің кейбір еншілес ұйымдарын реформалау жайына назар аударды. Сарапшылар халықты тұрғын үймен қамту, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын да талқылады.