Қазақстанда коронавирустан жазылған адам саны 1 290 720-ға жетті

Еліміздің аумағында өткен тәулікте 41 азамат инфекциялық жұқпалы дерттен айығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Ведомствоаралық комиссияның бүгін таратқан мәліметіне қарағанда аурудан жазылғандардың 9-ы Нұр-Сұлтан қаласында тұратын болса, 19-ы Алматы қаласының тұрғыны. Сол сияқты Алматы облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 5, Қостанай облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында 3 азамат індеттен сауығып шыққан.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша коронавирустан жазылғандар саны - 1 290 720.