«Хабар» телеарналар тобының жұмысы заман талабына сәйкестендіріледі

«Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіру керек.

Бүгін мемлекет басшысы «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдап, агенттік құрамындағы телеарналардың жұмысы, жаңа маусымда іске қосылатын жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жайын сұрады. Берік Уәли «Хабарды» техникалық тұрғыда жаңарту жоспарын баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда агенттіктің маңызды роль атқаратынын атап өтті. 

Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты. Сонымен қатар Президентке Агенттікті техникалық жағынан жаңарту жоспары туралы мәлімет берілді.