Ауылдағы интернеттің сапасы қалай – Тұрғындар пікірі

Ауылдық жерлерде интернет сапасының қаншалықты жақсы екенін білу үшін арна тілшілері тұрғындарды сөзге тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фарида Сыпатаева, Кербұлақ ауданының тұрғыны :

Интернет жақсы ұстайды. Өзіміз қосылдық телефонда 4G ұстап тұрады. Үйде де жақсы ұстайды.

Гүлнәр Ержанова, Кербұлақ ауданының тұрғыны:

– Интернетті үй жағдайында керекті кезде сабаққа қолданамыз. Болды. Желді күндері тоқтап қалғаны болмаса, былай істейді. Енді қаладағыдай жылдамдығы жақсы емес және кішкене қымбаттау. Қалаға қарағанда. Жақсырақ болса екен дейміз.

Нұржан Нұрдәулет, Кербұлақ ауданының тұрғыны:

Біздің Қоғалы ауылында интернет дұрыс ұстамайды. Загрузка ұзақ болады. 4 джи жоқ. Сабақ оқығанда қиындықтар бар. Сабақ оқығанда.

Азиза Жұмағазы, Кербұлақ ауданының тұрғыны:

– Көбінесе мен интернетті сабақ оқыған кезде қолданам және жастар әлеуметтік желіде отырады. Біздің ауылда интернет жақсы.

Сарыөзекте интернетке көңілім толады. Иә әйбәт ұстайды. Ауылда да ұстайды.

Сондай-ақ...