Сібір жарасына қатысты желіде таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  соңғы күндері WhatsApp мессенджері арқылы сібір жарасына қатысты таралып жатқан аудиожазбаның шындыққа жанаспайтындығын хабарлайды. 

«Түркістан облысы Түлкібас ауданының екі тұрғынынан сібір жарасы анықталды. ​​​​​​​​​​​Қазіргі уақытта олардың біреуі Ақмола облысында, біреуі Түркістан облысында ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы бірқалыпты, жақында ауруханадан шығарылады.  Ал ауру малдың еті Түркістан облысына тиесілі емес,  науқастардың сөзінше олар етті Жамбыл облысынан сатып алып келген. Нақты кімнен және қай жерден сатып алғандығы жөнінде тергеу-тексеру жұмыстарымен  құзыретті органдар айналысуда. Құрметті облыс тұрғындары! Ет және ет өнімдерін тек қана  ветеринариялық анықтамасы  бар сенімді жерлерден сатып алуға шақырамыз!  Белгісіз азаматтар таратқан аудиожазбаларға сенбеуді сұраймыз!» делінген хабарламада.