Есеп комитеті «Astana HUB» 5 майнингтік фирмаға салықтық жеңілдіктер жасағанын анықтады

«Astana HUB» IT технопаркіне майнингпен айналысатын компаниялар кірмес үшін заңды өзгерту керек. Бұл жөнінде Зерде Холдингінің басқарма төрағасы Арман Әбдірәсілов айтты. Өйткені осыдан 2 жыл бұрын осындай компанияларды қолдауға басымдық берілген. Алайда қазір бұл саясаттың тиімділігіне депутаттар күмән келтіріп отыр. Есеп комитеті «Astana HUB» 5 майнингтік фирмаға жеңілдіктер жасағанын анықтады. Соның нәтижесінде бұл компаниялар  8,5 млрд теңге көлеміндегі салықтық төлемдерден босатылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арман Әбдірәсілов «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы:

Болашақта мұндай компаниялар кірмес үшін «Astana HUB» резиденттері болмас үшін  заңды өзгерту керек. Сондықтан цифрлық министрлікке осындай сұраныс жіберіп, заңмен келіспеушілігін көрсетіп  осы ақпаратты жеткіздік. Цифрлық министрліктің өздері шешім қабылдайды.