Су тасқынына кім кінәлі?

Су тасқынына кім кінәлі?

Елде су тасқыны әлі де болуы мүмкін. 285 елдімекенге қауіп төніп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы көктем келгелі 11 елді мекендегі 192 тұрғын үйді және 78 саяжай мен 3 әлеуметтік нысанды су басты. Мың жарымнан аса адам эвакуацияланды. Бүгінде біразы үйіне оралған. Облыстық және жергілікті маңыздағы жолдардың 20 бөлігінде су тасқыны жалғасып жатыр. 6 учаске мен жергілікті маңыздағы 3 көпірді су шайып кетті. Мұны Сенатта төтенше жағдайлар министрі айтты. Бұған неге жол берілді? Кім жауапты? Юрий Ильин себебін түсіндірді.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

– Биыл Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, су тасқыны болмауы керек еді. Себепбі қар қоры аз болды. Алайда көктем келгенде қалың қар түсті. Кейін күн күрт жылып, далада еріген қар суынан ағын қалыптасты. 5 өңірде, атап айтқанда Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарында жағдай күрделеніп кетті. Батыс Қазақстан облысында мектепті су басуы туралы ақпаратты уақытылы ұсынбау салдарынан жұмыстар уақытылы басталмады. Сөйтіп оқу ордасының қабырғасы қирады. Аталған факті бойынша, материалдар ішкі істер органдарына тапсырылды. Инеретті материалдардың да тапшылығы анықталды.