Жемқорлыққа қарсы агенттіктің 6 өңірдегі департаментінің басшылары ауысты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 6 өңірдегі департаментіне жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымына сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен:

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Секешұлы Қарымсақов;

- Алматы қаласы бойынша департамент басшысы болып Асхат Оразханұлы Оразхан;

- Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев;

- Атырау облысы бойынша департамент басшысы болып Досанов Ерлан Азаматұлы;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы болып Денис Владимирович Шакенов;

- Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы болып Болат Нұрғазыұлы Жилқибаев;

- Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы болып Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев тағайындалды.