Алпамыс Шәрімов ҚР Президентінің Телерадиокешені басшысының кеңесшісі болды

Алпамыс Шәрімов ҚР Президентінің Телерадиокешені бас директорының кеңесшісі болды.

«Алпамыс Шәрімов танымал телевидение және кино продюсері.

Түрлі жылдары «Қазақ радиосында» және «Қазақстан» телеарнасында жұмыс істеді.

Қазақстандық және халықаралық тележобаларды ұйымдастыруға қатысқан.

«Global Gift Foundation» халықаралық қайырымдылық қорының мүшесі» делінген ҚР Президентінің Телерадиокешені хабарламасында.