Қарағандыда роупджампингте әйелдің қайтыс болуы бойынша сот отырысы басталды

Қарағандыда роупджампингте қайтыс болған 33 жастағы әйелдің өлімі бойынша сот отырысы басталды.

Қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралып жатыр. 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы күдікті деп танылды. Оған қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі, яғни "абайсызда адам өліміне әкелген қызмет көрсету" бойынша айып тағылған. Сотталушының адвокаты істі прокурорға қайтару туралы өтініш білдірді. Ол сотталушы роупджампингтің ұйымдастырушысы емес екенін, сонымен қатар онда мүлде жұмыс істемегенін алға тартып отыр. Сондай-ақ адвокат бұл істі 104-бап, яғни «абайсызда өлімге душар ету" деген тармақпен қарауы тиіс деп есептейді. Алайда марқұмның жақындары мұнымен мүлде келіспей отыр.

Александр Ткаченко, марқұмның күйеуі:

- Әлбетте ол кінәлі. Видеодан оның құрал-жабдықтың дұрыстығына көз жеткізбей, секіруге бұйрық бергенін анық естисіз. Біз қарсы тараптың бұл өтінішімен келіспейміз. Ол жай ғана жауапкершіліктен қашпақшы деп ойлаймын.