Алматы облысында әуежай маңындағы бетон зауыты сүріле бастады

Заңсыз салынды делінген бетон зауыты міне осы. Ол Алматы  әуежайдың дәл іргесіндегі санитарлық қорғау  аймағына тұрғызылған.  Кәсіпорынды сүру үшін құзырлы орган өкілдеріне екі жыл қажет болды. Алғашқы сот отырысы 2020 жылдың сәуірінде өткен болатын. Сол кезде Талғар аудандық соты нысанды сүру және айыппұл төлету жөнінде шешім шығарған еді. Бірақ онымен келіспеген зауыт иесі аппелациялық шағым түсірді. Содан кейін іс ұзаққа созылып, бірнеше рет қаралғанымен үкім өзгермеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Данияр Бақтияров, Алматы облыстық мемлекеттік Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы:

Бетон зауыты орналасқан жер телімінің мақсаты – шаруа қожалығын жүргізу. Бетон зауыты заң талаптарын өрескел бұза отырып шаруа қожалығының бетон зауытының құрылысын заңсыз бастап кеткен.Бұл ретті басқарма тарапынан әкімшілік істе қарастырылып Талғар аудандық сотына жолданды. Талғар аудандық сотымен аталған нысанды бұзу туралы шешім шығарылды.

Қазір өздеріңіз көріп отырғандай  сот орындаушылары мұнда арнайы техниканы әкеліп, құрылыс нысандарын сүріп жатыр. Айта кетейік, осыған дейін кәсіпкерге өз еркімен бұзу туралы шешім шығарылған болатын. Бірақ зауыт иесі биіктігі 22 метр болатын құбырды ғана құлатқан екен.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов