AMANAT партиясы Семейге іссапармен барды

Семейдің облыс орталығына айналуы – «Жаңа Қазақстанды» құрудағы елеулі оқиға. Шығыс өңірінің тұрғындары Президент шешіміне осындай баға берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін AMANAT партиясының өкілдері Абайды өмірге әкелген киелі топыраққа табан тіреді. Олар зиялы қауыммен жүздесіп, жергілікті халықпен тілдесті. Кездесу барысында тарихи мұраны сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және өнерді дамыту сөз болды. Атқарушы хатшы Отан соғысының ардагері, тыл еңбеккері және еңбек сіңірген партия мүшесінің үйіне арнайы барды. Семей жұртын - әлеуметтік қолдау, жер телімдерін бөлу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері толғандырады. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлімдеріне 2,5 мыңнан астам өтініш түскен. Енді партияның мобильді қоғамдық қабылдаулары шалғай ауылдарға да барады.

Асхат Оралов, AMANAT партиясының атқарушы хатшысы:

– Президент 16 наурыз күні Қазақстан халқына Жолдауында өзгерістерді айтты. Саяси реформалларды айтты. Жаңадан үш аймақ құрылатын болды. Абай, Ұлытау, Жетісу облысы. Семейдің орны бөлек. Сондықтан да, қайтадан жаңғырту мәселесін Президент көтеріп, үлкен аймақ құрайын деп жатыр. Әсіресе, қаражат бөлінед, мүмкіндік беріледі. Облыс орталығы болады. Сондықтан да бір Қазақстанның бөлек аймағына айналады дегенімізге ешқандай күмән жоқ.

Төлеген Жанғалиев, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:

– Біз Президенттің Жолдауын мұқият тыңдадық және оны толық қолдаймыз. Әсіресе, Абай облысын құру жөніндегі шешіміне айрықша қуандық. Бұл шешім Мемлекет басшысының Абайға, Абай еліне жалпы Шығыс жұртына деген құрметінің белгісі. Осында отырған ақсақалдар жағымды жаңалықты естіген күннің ертеңінде Мемлекет басшысына алғысын айтып, телеграмма жолдады.